Қармақшыда Тараз тұрғынынан ауру белгілері анықталды

 Өңірде инфекция жұқтырудың 179 дерегі тіркелсе, оның басым бөлігі - Қызылорда қаласы мен Шиелі, Сырдария аудандарынан. Осында келген Тараз қаласының тұрғыны денсаулығына байланысты Қармақшы аудандық ауруханасына хабарласып, сынама оң нәтиже көрсетті. Өткен тәулікте жаңа жағдай анықталған жоқ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді. 
- Сондай-ақ, осы күні 19 адам емделіп шығып, отбасыларына оралды. Оның 11-і - Шиелі, 5-уі - Сырлария аудандарынан, 2-уі - Қызылорда қаласынан, 1-уі - Жаңақорғаннан. Ауруынан айыққандар саны 99-ға жетсе, соның 9-ы - медицина саласының қызметкері, - деді ол. 
Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, қазіргі күні аурудың қарым-қатынас арқылы жұғу жағдайлары азайды. 

Назерке САНИЯЗОВА,
"Сыр бойы".
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2020 г. 476 0