Италия 4 мамырдан бастап карантин режимін тоқтатады

Италия Премьер-министрі Джузеппе Конте елдегі шектеулі карантин режимін бұдан әрі соза алмайтынын айтты, себебі бұдан әрі елдің әлеуметтік-экономикалық құрылымы нашарлауы мүмкін.
Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы таратқан мәлімет бойынша, Италия 4 мамырдан бастап біртіндеп карантин режимін тоқтатады. Жақын арада музейлер мен көрнекі орындар ашыла бастайды. Дегенмен, осы маусымда Италияда тек жергілікті халық қана демала алады. Шекара жыл соңына дейін жабық болмақ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 сәуір 2020 г. 339 0