« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ақтөбеде үй иесі екі кішкентай баласы бар отбасыны ақшасы жоқ болғаны үшін далаға қуып шыққан.
Чекалин көшесіндегі жалдамалы пәтерде жанжал шықты. Пәтер жалдап тұрған отбасының пәтер құнын төлеуге ақшасы болмай қалған. Осыдан кейін үй иесі мен жалға алушының бір келісімге келуі қиындай түседі. Пәтер жалдап тұрған кісінің екі баласы бар, оның біреуі небәрі төрт айлық нәресте. Пәтер иесі полиция қызметкері Бақтияр Жақыповты шақырады. Полицей оқиға орнына келіп, пәтер жалдап тұрған кісімен сөйлескеннен кейін оны қуып шықпады. Керісінше, екі баласы бар отбасы далада қалмас үшін, үй иесіне олардың бір айлық пәтерақысын төлеп берді.
–Балалы әйел басқа барар жері жоқ екенін айтты. Ақшасы да жоқ екен. Үй иесі оларға екі сағаттың ішінде пәтерді босатуды талап етеді. Отбасы ары қарай тұра беруі үшін үй иесіне пәтерақысын төледім – дейді полиция қызметкері Жақыпов. Полицейдің бұл іс-әрекеті әлеуметтік желі арқылы белгілі болды. Жаңағы отбасының көршілері Бақтияр Жақыповқа осы қайырымды ісі үшін өзіне және осындай ұлды тәрбиелеген ата-анасына алғыс айтқан. Ал полиция қызметкері бұл ісін мақтан тұтпайды. Керісінше, адамдар хабарласып, рақмет айтып жатқанда өзін ыңғайсыз сезінген. Бұл ісін ерлікке жатқызбайды. Ratel.kz-тің жазуынша, ол сұхбат беруден бас тартып отыр.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |