« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус дертінің барша адамзатқа қауіп-қатер төндіруіне орай «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласы жарияланғаны баршамызға белгілі.
Елбасы қазіргі туындап отырған жағдайды «дүлей дауыл» деп сипаттағаны есімізде. Жалпы бұл ұғым ағылшын дереккөздерінде 1718 жылдан кездеседі. Алғашында табиғат құбылысымен байланысты болған түсінік, кейін экономика, саясат, халықаралық қатынастар мен басқа да салалардағы түрлі дағдарысты жағдайларды сипаттау үшін метафорикалық мағынада кеңінен қолданыла бастады. Міне, осы «дүлей дауыл» кезеңінде отандастарымызды Президент және Үкімет тарапынан іске асырылып жатқан шұғыл шараларды қолдауға шақырды. Өйткені қазіргі атқарылып жатқан шаралардың барлығы қоғам мүшелері мен еліміздің мүддесін қорғау үшін маңызды. Елбасы сын сағатта ортақ істен сырт қалмауға шақырған еді. Бюджет саласы қызметкерлерінің, студенттердің, шағын және орта бизнестің ауыртпалығын жеңілдету бағытындағы нақты қадамдар, бизнес өкілдерінің халыққа көрсетіп жатқан көмегі, аса мұқтаж жандарға көмек көрсету қажеттілігі, үлкен кісілер, балалар үйі тәрбиеленушілері мен арнаулы ауруханалардағы науқастарды қажетті заттармен үзбей қамтамасыз ету сынды мәселелерге ерекше тоқталды.
Елбасы коронавирус пандемиясының бүкіл әлемде экономикалық дағдарыс туғызып отырғандығы жөнінде баяндайды. Дағдарыстың көріністерін сипаттап, еліміздің бұл ахуалдан шығу жолдарын ұсынады. Ұлттық қор мен алтын-валюта қорындағы қаржыны үнемді пайдалану арқылы бұл сыннан өтудің мүмкіндігі туралы да айтылады. Біздің ойымызша, осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар, реформалар қиын ахуалды жеңілдетеді.
Елбасы ең алғашқы сөзін аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне арнады. Расында, прогрессивті интеллигенцияның аға буын өкілдері халықты ынтымаққа шақырып, жақсылыққа, ізгі амалдар жасауға, саламатты өмір салтын ұстануға белсенді қатысуы көптеген нәтижелерге жеткізеді. Аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдері жастарды еңбекке, білім алуға, қатарының алды болуға тәрбиелеу идеясына қолдау білдірсе, басқа қоғам мүшелері де бұл шараны белсенді түрде жалғастырады.
Елбасы тәуелсіздік жылдары дүниеге келген жас ұрпаққа аға ұрпақтың қолдан келгеннің бәрін жасағанын, жастардың күш-қайрат жұмсайтын кез келгенін айтты. Сондықтан жас ұрпақ өз күш-жігерлері мен қабілетін игі істерге жұмсап, Елбасының үмітін ақтауы тиіс деп ойлаймыз. кәсіпкерлерге де өз сөзін арнады. Қазіргі кезде қиналғандарға қол ұшын беріп, қаржылай, заттай көмектесіп жатқан кәсіпкерлердің бар екендігіне, бұл үрдіс одан әрі жалғасын табатындығына сенім білдіреді.
Бүгінде жемісті ынтымақтастыққа ықпал жасайтын достық және бейбіт қатынастарды сақтау мен дамыту өте маңызды. Бұл үшін еліміздің барлық жағдайы бар. Еуразия экономикалық одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің халықаралық ынтымақтастық бағытындағы әлеуеті жоғары екені де мақалада айқындалып отыр. Сондықтан ынтымақ, бірлік, өзара құрмет, достыққа талпынушылық, ұрпақтар сабақтастығы мен үлкендерге ізеттілік ең ауыр сынақтарға қарсы тұратын тиімді күрес құралы болып табылатындығын ұмытпағанымыз жөн.
Динар ДОСМАНБЕТОВ,
Қызылорда «Болашақ» университетінің даму және экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |