Биыл Қызылорданы су басқан жоқ. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің сайтында өткен онлайн сұхбатта айтты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бастапқыда жағдай күрделі болған. Алты аймақта 48% қар түрінде ылғал жиналып қалған. ҚР ІІМ ТЖ-мен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп істеген жұмыс нәтижесінде бәрі дұрысталды. Біздің міндет – су қоймаларының жарылып кетуіне жол бермеу. Біз су қоймаларын тәулік бойы бақылауда ұстадық. Сонымен қатар, бізге ауа райы жағдайы қатты көмектесті. Наурыз, сәуір айында күндіз ауа температурасы жоғары болған жоқ, түнгі ауа температурасы да ойдағыдай болды», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов.
Ол биыл Қызылордада су тасқыны болмайтынын айтты.
«Биыл Қызылорданы су басқан жоқ. Ол жақтағы су қоймасына алдымен көлемді су жіберу керек болды. Ол мұздың биіктікте қатуы үшін керек. Одан кейін аз су жіберген кезде кішкене арна пайда болып, ол жерден су емін-еркін өтеді. Бұл жұмыс биыл сәтті жүргізілді», - дейді Сергей Громов.