Тараздың 86 жастағы тұрғыны вирусты жеңіп шықты

Жамбыл облысында коронавирустан сауыққан науқастардың саны артуда, - деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
24 сәуір күні стационардан екі адам емделіп шықты. Оның бірі - 1985 жылы туған тұрғын. Ол КВИ тасымалдаушысымен байланыста болғаны үшін ауруханаға жатқызылған. Жуырда қызы Нұр-Сұлтан қаласынан келген Тараз қаласының 1934 жылғы тұрғыны да дертті жеңіп шықты. Қарт әйел шұғыл емдеу үшін қалалық ауруханаға жеткізілген болатын. Одан КВИ-ға алынған қан талдауы оң нәтиже көрсеткен. Отадан кейін әйел облыстық көпбейінді аурухананың жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылған. Емдеу шараларының нәтижесінде ол дерттен айықты. Жалпы аймақта коронавирустан 42 адам жазылып кеткен.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 сәуір 2020 г. 291 0