Вирусты жұқтырғандардың үшеуі де Шиелі ауданында тіркелді. Бұл туралы
ҚазАқпарат Жедел штабқа сілтеме жасап хабарлады.
Барлығы да коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем қабылдап жатыр. Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы алдын алу шаралары ұйымдастырылып, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
24.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жалпы 164 адам жұқтырған.