Мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығы шыңдалды

Мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылығы шыңдалдыҚазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бірлесіп ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Бәрімізде бірдейміз» атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқор болып, оларға келешектегі өмірінің жарқын болуын, сол жандардың өмірге деген құштарлық сезімін оятуға арналған байқауды «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мәмбетжан, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ж.Жалғасбай, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Жүсіпов шараның мәні мен мағынасына тоқталып, талапкерлерге сәттілік тіледі.
Өнер додасына 30-ға жуық мүмкіндігі шектеулі жандар қатысып, олар көркемсөз оқу, ән, күй, би, терме, аспапта ойнау жанрлары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Көркемөнерпаздар байқауы тартысты да тартымды өткізіліп, нәтижесінде  бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болған өнерпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, өнерімен ерекшеленіп көзге түскен бір топ талапкерлерге «Белсенді қатысушы», «Ең жас орындаушы», «Көрермен көзайымы» «Ең үздік орындаушы» номинациялары және ынталандыру сыйлықтары берілді.
Байқаудың соңын аудан әкімінің ресми емес кеңесшісі Ә.Бөлекбаев қорытындылады. Ауданда мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қамқорлық әрқашан да жалғаса береді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 тамыз 2014 г. 842 0