Қызылорда: Камера көмегімен автокөлік ұрлығы ашылды

21 сәуір күні таңғы сағат 05:30 шамасында облыстық полиция департаментінің кезекшісі облыс орталығындағы көп қабатты үйлер ауласын бейнекамерамен шолу барысында екі автокөлікті айналып жүрген бір азаматтың жүрісі күдік тудырады. Кезекші дер кезінде рацияға шығып, оқиға орнына патруль бекеттерін жібереді.

Тәртіп сақшыларының жедел қимылдауы нәтижесінде автокөліктерге ұрлыққа түсіп жатқан күдікті 25 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігімен және 188-бабының 3-бөлігінің 3- тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2020 г. 393 0