Қазалы ауданында шалғай елді мекендерде спорттық жарыстар өтті

Қазалы ауданында шалғай елді мекендерде  спорттық жарыстар өттіАуылдық округтерде спортының бұқаралығын арттыру, дене тәрбиесі және спорт құралдарымен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 240 жылдық мерейтойы қарсаңында Лахалы ауылында воллейболдан жарыс өткізілді, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жарысқа ауылдық клуб жанынан құрылған «Жігер» командасы, ауыл жастарынан құралған «Намыс» командасы және №93 мектеп жанынан құрылған командалар қатысып, қортындысы бойынша ІІІ орынды «Намыс» командасы, ІІ орынды №93 мектеп командасы иеленсе, жарыстың жеңімпазы болып «Жігер» командасы танылды.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Есбосыновтың мақтау қағазымен және арнайы кубоктармен марапатталды.
Сондай ақ, Тасарық ауылында шағын футболдан жарыс өткізілді. Нәтижесінде командалар арасында ІІІ орынды «Алға», ІІ орынды  «Жігер» командасы иеленсе, Басжүлдеге ауыл жастарынан құралған «Жастар» командасы табан тіреді. 
Ауылдарда спорттық жарыстардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына «Қайнар» спорт клубы қоғамдық бірлестігінің спорт нұсқаушылары атсалысуда.
Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 19 тамызы күні Шәкен ауылында шағын футболдан жарыс өткізілді. Жарыс нәтижесінде ауыл жастарының арасында белсенділік көрсеткен «Арлан» командасы І орынға ие болды, ІІ орынды «Қайсар» командасы,  ІІІ орын «Барыс» командасы иеленді.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 тамыз 2014 г. 1 253 0