Соңғы тіркелген 4 адам қайдан ауру жұқтырып жүр?

 Қызылордада науқастар саны 161-ге жетті. Соңғы тәулікте тіркелген 4 адамның 3-уі - облыс орталығынан, 1-уі - Шиелі ауданының Бала би ауылынан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов мәлімдеді. 
- Қызылорда қаласының 2 тұрғыны бұған дейін дерт жұқтырғандармен байланыста болғаны үшін оқшауланғандардың қатарынан. 1-уі провизорлық стационарда ем алып жатқан. Шиелілік азамат та - карантинге алынғандардың бірі, - деді ол. 

Назерке САНИЯЗОВА, 
"Сыр бойы".
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 24 сәуір 2020 г. 429 0