Елімізде тағы 44 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды

Қазақстанда тағы 44 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат
23 сәуір 17:50-дегі эпидемиологиялық жағдай бойынша, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 44 адам тіркелді.
 Оның ішінде Қарағанды облысында - 1, Ақтөбе облысында - 9, Алматы қаласында - 20, Жамбыл облысында - 9, Алматы облысында - 3, Нұр-Сұлтан қаласында - 1, Қызылорда облысында - 1 адам бар. 
Coronavirus2020.kz мәліметінше, осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 423 адам, Алматы қаласында – 756 адам, Қарағанды облысында - 103 адам, Ақмола облысында - 83 адам, Атырау облысында - 82 адам, Жамбыл облысында - 88 адам, Шымкент қаласында - 133 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 15 адам, Алматы облысында - 68 адам, Ақтөбе облысында - 43 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 30 адам, Павлодар облысында - 50 адам, Маңғыстау облысында - 19 адам, Қызылорда облысында - 159 адам, Батыс Қазақстан облысында - 86 адам, Түркістан облысында - 77 адам, Қостанай облысында - 36 адам, жалпы 2251 науқас бар.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2020 г. 384 0