Ресейде оқитын қызылордалық студенттер елге оралды

Көрші Ресейден қызылордалық 41 студент елге оралды. Сонымен қатар олардың арасында Ресейде жұмыс істеп, нәпақа тауып жүрген 2 жерлесіміз бар.

Студенттерді елге қайтарумен Ресейдегі Қазақстан елшілігі айналысты. Ресейлік жоғары оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық 250 студент Ақтөбе облысының аумағындағы «Әлімбет» бақылау-өткізу бекетінен өтті. Солардың ішіндегі 41 сырбойылық студент пен 2 азамат облыс әкімдігі тарапынан берілген автобус арқылы облысқа жеткізілді.

1 "Б" категориясына жататын елден келгендіктен студенттер енді арнайы тест сынамаларын тапсырады. Соның негізінде тұрғылықты жері бойынша 14 күн үй жағдайындағы карантинге қатаң бақылауға алынады немесе қандай да бір күдік болған жағдайда провизорлық стационарға жіберіледі.

Айта кетейік, қазір 328 жас Ресей Федерациясы Үкіметінің бюджеті есебінен Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі инженерлік жоғары оқу орындарында білім алуда. Бұған дейін оның 62-сі елге оралып, карантиндік режим бақылауында болды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2020 г. 412 0