«Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жүлдесіне арналған футболдан жарыс өтті (фото)

Қызылорда қаласында 16 - 25 тамыз аралығында «Нашақорлыққа  жол жоқ!» ұранымен «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ жүлдесіне арналған футболдан мектеп оқушылары арасында облыстық дәстүрлі жарыс аяқталды. Осымен 17–ші мәрте ұйымдастырылған жарысқа  облыстың барлық жеті ауданы мен Қызылорда қаласынан  8 команда қатысты.  

Мақсаты -  жалпы білім беретін мектеп оқушыларын дене шынықтыру және спортпен айналысуға, оның ішінде футбол ойынына тарту, жасөспірім спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, келешек спортшыларды анықтау, облыстың құрама командасын осы спорт түріне толықтыру.  

 

Он күнге созылған жарыста Қызылорда қаласының командасы бірінші орынды,  екінші орынды  Арал аудан командасы, үшінші орынды Жалағаш ауданының командасы иеленсе, ал Шиелі аудан командасы  төртінші орынды еншіледі.
Жарыста «Үздік қақпашы» номинациясы бойынша Нұрым Қанатбай (Қазалы ауданы), «Үздік қорғаушы» Бибарыс Шақатов  (Қармақшы ауданы), «Үздік жартылай қорғаушы» Мадияр Кеңесбай  (Қызылорда қаласы),  «Үздік шабуылшы» Асхат Әшетов (Сырдария ауданы), «Мерген ойыншы» Бағдәулет Айдарбек (Жаңақорған ауданы) марапатталды.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев пен «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ң басқарма төрағасы Цинь Хунвэй жеңімпаз және жүлдегер командаларды құттықтап,  кубок, грамота және бағалы сыйлықтарды табыстады, деп хабарлайды дене шынықтыру және спорт басқармасы.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 тамыз 2014 г. 1 384 0