eSalyq Мемлекеттік кірістер комитетінің мобильді қосымшасында бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу үшін ыңғайлы және қарапайым сервис енгізілді. Қосымшаны App Store және Play Market дүкендерінен жүктеуге болады, деп хабарлайды Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
ESalyq қосымшасындағы БЖТ «Қазпочта» АҚ Интернет-эквайрингі арқылы 100 теңге банктік комиссиямен электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады. Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдан бастап жеке жұмыс істейтін барлық өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар бірыңғай жиынтық төлемді төлеуі керек (БЖТ).
БЖТ төрт міндетті төлем түрін біріктіреді: - жеке табыс салығы (ЖТС) ; - мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар; - БЖЗҚ-дағы зейнетақы төлемдері; - міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қорына аударымдар. Бір жолғы бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшері республикалық маңызы бар қалаларда, астанада және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін 1 АЕК (2 651 теңге) болып бекітілген. Басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар 0,5 АЕК (1 325,5 теңге) төлеуі тиіс. БЖТ төлеушілер - жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, сонымен қатар келесі шарттарға сәйкес тұлғалар: - бірыңғай жиынтық төлемді төлеген; - жалданған қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын; - салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға қызмет көрсететін және (немесе) акцизделетін өнімдерді қоспағанда, тек салық агенттері болып табылмайтын жеке тұлғаларға өз өндірісінің жеке қосалқы шаруашылығы ауылшаруашылық өнімдерін сататын.
Бұл ретте, БЖТ төлеушілердің кіріс мөлшері 1175 АЕК-тен аспауы керек (2020 жылы - 3 114 925 теңге). Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға БЖТ төлеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға; зейнетақы жинақтарын жасауға және зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға құқық; мүгедектік, жұмысынан айрылған, асыраушысынан айырылған, жүктілік және босанған, баланы асырап алған, 1 жасқа дейінгі бала күтімі болған жағдайларда, әлеуметтік жәрдемақы алуға мүмкіндіктерін береді.