Тұңғыш Президент саябағы маңындағы өрт: себеп пен шығын анықталуда

Өткен тәулікте Президент саябағына қарама қарсы беттегі Еңбек саяжайы маңында өрт оқиғасы орын алды. Абырой болғанда адам шығын жоқ. Тілсіз жауды ауыздықтауға 25 қызметкер жұмылдырылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақапарат алаңында Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимов мәлімдеді.

Төтенше жағдай қызметіне өрт оқиғасы орын алғандығы жөнінде 22 сәуір күні 20 сағат 24 минутта хабар түсті. Өртті оқшаулауға №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері мен №6 өрт сөндіру бөлімдері, департамент қызметкерлерінен барлығы 25 қызметкер жұмылдырылды. Өртті ауыздықтау барысында қатты жел салдарынан 2 гектар жерге жайылған. Нәтижесінде шеңгел тораңғыл, жиде, жыңғыл сынды ағаштарына зақым келген. Оқиға орнында өрт сөндіру қызмет басшылары да оқиға орнында жұмыс атқарды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Жану жағдайы 21:10-де оқшауланып 21:56 толықтай өшірілді.
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 сәуір 2020 г. 414 0