Бүгін Қызылорда қаласындағы Тұңғыш Президент паркі маңындағы блок-постқа жақын жердегі аумақта өрт оқиғасы орын алды. Жергілікті 112 құтқару қызметіне 22 сәуірде сағат 20.25 шамасында келіп түскен. Оқиға орнына №1, 2, 6 өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары, облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері келіп жетті.
«Өртті оқшаулау шараларына барлығы 25 қызметкер жұмылдырылды. Төтенше жағдай орнында арнайы штаб құрылды. Штаб мүшелерінің бойынша шамамен 2 гектар алқаптағы жыңғыл, тораңғыл, жидеі ағаштарына залал келген. Өрт сөндіру қызметнің мамандары оқиға орнында жұмыс атқарды. Өрт салдарынан адам шығыны болған жоқ. Сондай-ақ, сол маңдағы тұрғын үйлерге зиян келген жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі.