« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгінде Қызылорда облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты аймақта 3 республикалық және 2 жергілікті телеарна, 8 республикалық және 7 облыстық басылымдар мен сайттар ақпарат тарату жұмыстарын жүргізіп келеді. Карантин кезінде облыс тұрғындарына қабылданып жатқан шектеулер туралы уақытылы ақпарат тарататын телеарна, газеттер мен сайттар, ақпараттық порталдармен тұрақты түрде тығыз байланыс орнатылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Еркін Әбішев баяндады.
Облыстағы 7 ауданның басылымдары мен олардың сайттары да насихат жұмыстарын жасауда. 1 сәуірден бастап облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарында 2804 материал жарыққа шықты. Сонымен бірге, жергілікті телеарналарда арнайы әзірленген 73 бейнеролик көрсетілді.
«Облыстық ішкі саясат басқармасы және өңірлік коммуникациялар қызметі тарапынан арнайы сұхбаттар, ақпараттық контенттер, видео-материалдар, баннерлер дайындалып, халықтың басым бөлігі қолданатын фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілері арқылы жарияланып келеді. Есептік мерзімде 3354 материал әлеуметтік желілерге жарияланды. Сондай-ақ, өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында 70 брифинг ұйымдастырылды. «QYZYLORDA» телеарнасы арқылы облыс әкімінің орынбасары және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының қатысуымен күнделікті таңғы 9.30-да және түстен кейін сағат 16.30-да тікелей эфирде брифингтер өткізілуде», – деп атап өтті Еркін Жұмаханұлы.
Осы орайда Еркін Әбішев уақытпен санаспай карантиндік режимдегі шектеулер мен қоғамдық қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат беріп жүрген азаматтық қоғам мен әлеуметтік желі белсенділеріне, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне алғысын білдірді.
«Төтенше жағдайға байланысты тұрғындар тарапынан көптеген сауалдар жолдану үстінде. Осыған сәйкес 400-100 call-орталығында түрлі сала мамандары 24 сағат бойы кезекшілік бойынша жұмыс істеп жатыр. Кері байланыс орталығына тәулігіне 1000-ға жуық сұрақ келіп түседі. Осы уақытқа дейін бұл орталыққа 12 331 қоңырау түсті. Оның 86 пайызы әлеуметтік төлемдерге қатысты болса, 6,8 пайызы бақылау бекеттеріне байланысты, 7,2 пайызы кәсіпкерлік саласы мен басқа да мәселелерге қатысты сұрақтар болды. Тұрғындардың байланыс орнатуына тиімді болу үшін басқарманың Facebook әлеуметтік желісіндегі «Нақты ақпарат» парақшасы жанынан WhatsАpp мессенджері арқылы байланыс телефоны ұйымдастырылған. Бұл нөмірге 1 сәуірден бастап 994 сауал жолданып, тиісті жауаптар берілді. Бүгінде апта сайын әр сала бойынша ақпараттар ұсынылып келеді. Мәселен, өткен аптада ауыл шаруашылығына қатысты мәліметтер айтылса, осы аптада кәсіпкерлікті қолдау шаралары туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі», – деді Еркін Жұмаханұлы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |