Болат Жәмішев жаңа қызметке сайланды

Экономист Болат Жәмішев «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қордың Алматы қалалық филиалының мәліметінше, бұған дейін кеңеске Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жетекшілік етіп келген болатын. Болат Жәмішев әр жылдары ҚР Қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасы, ҚР Қаржы министрі, ҚР Өңірлік даму министрі, «Қазақстанның даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы қызметтерін атқарған. Сондай-ақ, МСҚ Директорлар кеңесінің құрамына жаңа мүшелер енді.
Атап айтқанда, экономист Жақсыбек Күлекеев пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, қаржыгер Юлия Якупбаева Қордың тәуелсіз директорлары болып сайланды. Қазіргі уақытта кеңеске тәуелсіз директорлар - Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсыбек Күлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бәбенов, сондай-ақ кеңес мүшелері - Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов енген.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 сәуір 2020 г. 312 0