Аймақтың әлеуметтік маңызы бар және инфрақұрылым бағытындағы жобаларын жүзеге асыруға Қызылорда республикалық бюджеттен қомақты қаражат алды. Мәселен, биыл мемлекеттік және салалақ бағдарламалар шеңберінде 50 млрд. теңге қаржы алынды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Алдағы үш жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қарау барысында Қызылорда 2015 жылы аса маңызды жобаларды жүзеге асыру үшін 22 млрд. теңгені қорға жинақтауға мүмкіндік алды. Бұл жұмыстар өз жалғасын табатын болады.