« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ресейдің Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларындағы жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттер елге оралуда. Бұл туралы Қазақстан Елшілігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21 сәуір күні таңертең Мәскеудегі ҚР Елшілігі ғимаратының алдынан бес автобус жолға шықты. Коронавирус пандемиясына байланысты халықаралық рейстерге шектеу енгізілмей тұрып Ресейден шығып үлгермеген 250-ден астам қазақстандық студент елге оралады.
«Автобусқа отырғызылмас бұрын барлығының дене қызуы өлшенді. Жол қозғалысы қауіпсіздігі мемлекеттік инспекциясының және РФ-дағы Қазақстан Елшілігінің қызметкерлерінің ілесуімен, барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, автобустар қазақ-ресей шекарасына қарай бет алды. Одан өткеннен кейін Орск және Әлімбет өткізу бекеттерінде жастарды Ақтөбе облысы әкімдігінің өкілдері күтіп алады. Барлығынан коронавирусқа тест алынатын болады», - делінген мәліметте.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |