Қызылордада дәрігерлік амбулатория қызметкерінен ауру анықталды

 Өңірде бүгінгі күні қауіпті індет 151 адамнан анықталып отыр. Оның 2-уі өткен тәулікте тіркелді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов науқастардың қай жақтан екенін айтып берді. 
- Бірі - Қызылорда қаласының тұрғыны. Дәріге аллергиялық реакция пайда болып, "жедел жәрдем" көлігімен ауруханаға әкелінген. Сол жерде тест сынамасы алынып, нәтижесі оң боп шықты. Екіншісі - Сырдария ауданының Амангелді ауылынан, дәрігерлік амбулаторияда жұмыс істейді. Бұған дейін елді мекенде науқастар анықталғанымен ол кісіге тест сынамасы жасалмаған. Қазіргі күні медицина қызметкерлерін түгел тексеріп жатырмыз, - деді басқарма басшысы.

Назерке САНИЯЗОВА,
"Сыр бойы". 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 21 сәуір 2020 г. 447 0