Қазгидромет 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынады.
Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпалы әсер етіп, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Циклонның әсерінен елдің батысы, солтүстік-батысы және қиыр солтүстігінің кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі.
Күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, түнде Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
BAQ.KZ