Алдағы үш тәулікте Қазақстанда күн суытады

Синоптиктер 2020 жылғы 21-23 сәуірге арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Қазгидромет.
 «Аптаның басында құбылмалы ауа райы Қазақстанның көптеген өңірлерінде байқалатын болады. Бұған циклон және онымен байланысты фронтальды бөліктер ықпал етеді. Найзағайлы және екпінді желді жаңбыр жауады, сондай-ақ ауа температурасы күндіз 15…23-тен 8…16 жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысына жылы оңтүстік ауа келуін жалғастырып, мұнда күн шуақты, құрғақ және өте жылы болады», делінген хабарламада.


Қазақпарат 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2020 г. 434 0