Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Сағымбаев қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі растады. Ведомство өкілдері Сағымбаевтың денсаулығына байланысты қызметінен өз еркімен кеткенін айтты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметін уақытша басқарманың орынбасары Ләззат Есенғалиева атқарады.

Еске салайық, мұның алдында Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кеткені хабарланған еді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2020 г. 479 0