Карантиндік шаралардың нәтижесі көріне бастады

Осы уақытқа дейін өңірде қауіпті инфекция жұқтырудың 149 жағдайы анықталып отыр. Өткен тәулікте анықталған екі науқас бұрын ауру жұқтырғандармен байланыста болғаны үшін карантинге алынғандардың қатарынан. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусәметов эпидемиологиялық ахуалға тоқталды. 
- Күні бүгінге дейін аймақта 5680 тест сынамасы алынды. Оның 801-і күні кеше жасалып, 546-сы теріс, 2-уі оң нәтиже көрсетті. Қалғаны бойынша жұмыс атқарылып жатыр. Одан бөлек, бізде 8050 тест сынамасының қоры бар, - деді ол.
Аймақтың бас дәрігері карантиндік шаралар оң нәтиже бере бастағанын жеткізді. Өйткені адамдардың өзара тікелей қарым-қатынасынан болатын аурудың жұғу процесі тежелді. Ақ халаттылар халықты әлі де сабыр сақтап, шектеулерге түсіністікпен қарауға шақырды.

Назерке САНИЯЗОВА,
"Сыр бойы".
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2020 г. 437 0