20 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ел аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон әсер етеді, сонымен байланысты ауа райы ашық болады. Тек солтүстік-батыста ауа ағынының әсерінен кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал. Сондай-ақ кей жерлерде жел күшейіп, найзағай жарқылдап, тұман түседі, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 18 м/с жетуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 сәуір 2020 г. 274 0