Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның 1 жағдайы тіркелді
(19.04.2020 жылғы мәлімет бойынша)
Ауру жұқтырған адам - 82 жастағы Шиелі ауданының тұрғыны.
Ол коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған.
Бекітілген алгоритмге сәйкес екінші мәрте алынған сынама коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті.
Науқас жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
19.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырудың 148 дерегі тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны - 24, ем қабылдап жатқандар саны - 124.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті