Карантин әсері: Қояндар қала ішінде жүр

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті елорда көшелерінде жүрген ор қоянға қатысты видеоға пікір білдірді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлеуметтік желіде Министрліктер үйінің маңында жүрген қоян туралы видео тарады. Видео авторы карантиннің табиғатқа оң әсер етіп жатқанын, аң-құстардың адамнан қорықпайтынын айтады. 
«Шын мәнінде табиғаттың жандануына карантиннің еш қатысы жоқ. Қоян, түлкі, елік сынды жабайы аңдар астанамызда баяғыдан бар», - деп жауап берді Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.
 Оның айтуынша, Министрліктер үйінің артында, Ақорда жақта шағын орман бар. Видеодағы қоян сол орманнан келуі мүмкін.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 сәуір 2020 г. 591 0