Далалық алқапты өрттен қалай қорғауға болады?

Далалық алқапты өрттен қалай қорғауға болады?Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы және «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мемлекеттік мекемесі, «ӨСжАҚЖ» мемлекеттік мекемесі, қалалық әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі, «Апаттар медицинасы орталығы» ММ бірлесіп, дала өрттерінің алдын алу және орын алған жағдайда іс-әрекеттерін жетілдіру мақсатында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп мәлімдеді қалалық төтенше жағдайлар басқармасы.
Оқу-жаттығу тақырыбы бойынша, «Орман және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесіне тиесілі арнайы жер аумағы өртеніп, кезекшінің хабары бойынша өрт орнына мемлекеттік емес өрт сөндіру қызметінен 3 техника, 30 адам жеке құрам шықты, алайда ауа райының қолайсыздығынан өрт өршіп, көлемі үлкейіп, қауіп төнуіне байланысты «АҚ ж ҚЖ» мемлекеттік мекемесінен көмек ретінде 4 негізгі 2 көмекші бірлік техника және 31 адам жеке құрамымен, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуге «Апаттар медицинасы орталығынан» 5 медициналық қызметкерлер оқиға орнына келді. Келген соң жауынгерлік қанат жаю іс-қимылдары жүргізіліп, 2 көмекші техника арқылы  жақын маңдағы су көзі ретінде Шіркейлі каналынан су алынып, өрт ошағы толығымен сөндірілді. Біріккен және шұғыл іс-әрекеттеріне байланысты алға қойылған тапсырмалар толығымен орындалды.
Бұл іс-шараның мақсаты – далалық алқап өрттерінде шұғыл әрекеттерді жетілдіру болды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 тамыз 2014 г. 794 0