« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Ел басына күн туған қысылтаяң шақта елімнің кешегісі мен бүгінін ойға оралттым. Дана халқымыз басынан қанша нәубет өтсе де, тарыдай шашыраса да араға уақыт салып тарихи отанда бас қосқан. Бір түйір дәнге, бір үзім нанға зар болған кешегі ашаршылық жылдарында талай қандасымыз опат болды. Кешегі талай зұлматтан өткен халқымыз бұл сынақтан да сүрінбей өтетініне сенімім кәміл.
Карантин режимі күшейтілгені туралы хабарға қанықтым. Соңғы қаулыда екінші деңгейлі банктерге, «Қазпошта» АҚ филиалына, айырбастау пунктеріне, пошталық, коммуналдық, телекоммуникациялық қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарға халықтың көп шоғырланбауы туралы қатаң талап қойылды. Бұған дейін бұл талап болды да. Десе де, басқа талаптардан гөрі өз деңгейінде орындалмады. Сондықтан, күшейтілген режимде осы қатарға ерекше мән беріп отыр.
«Сақтықта қорлық жоқ» деп атам қазақ бекер айтпаған. Жергілікті биліктің тапсырмасы, блок-бекеттердегі талаптар кейде ойыңдағыңды орындай алмай жатқан соң, ашуға тиюі мүмкін. Бірақ, біз мұның барлығы өзіміз үшін, бас амандығымыз үшін екенін ойлауымыз керек. «Сабыр түбі – сары алтын» деп, кішкене уақытқа шыдамдылық танытсақ игі. Тіпті көршіге де бармаңыз, үйде болыңыз! Өйткені, карантиннің мақсаты да сол, ауруды ауыздықтап, халықты дерттен аман сақтау.
Мен қазақтай ұлы халықтың перзенті екенімді мақтан етемін. Сын сағатта құлағанға қолдау көрсетіп, сүрінгенге сүйеніш болып жатқан елімнің келер күнінен үміті көп. Жаратқан жар болып, ел аман, жұрт тынышта қауышайық!
Аманбай НҰРЖАНОВ,
Облыстық мәслихаттың
бас инспекторы.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |