Акцияны алғаш болып бастады

Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының облыстық комитеті кез келген жағдайда жедел әрекет етуді, өз қызметін мерзімінде әрі жүйелі жүзеге асыруды дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да төтенше жағдай жарияланысымен жедел жоспар құрып, аймақта алғашқы болып ауқымды акцияны жүзеге асырды. Атап айтқанда, облыстық комитет акцияның алғашқы тол­қы­нында қалалық, аудандық филиал­дары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдары төрағаларының ұсы­ны­сымен, аз қамтылған 362 отбасының әр қайсысын 15 000 теңгенің азық-түлігімен қамтамасыз етіп, 5 430 000 теңгенің тауары үлестірілді. Акция «Біз біргеміз» ұранымен ұйымдастырылып, оған кәсіподақ комитетінің жастар кеңесінің мүшелері көптеп тартылды. 

Бұқаралық сипатқа ие болған бастамаға белсенділік танытып, екінші мәрте еселей түскен қала, аудан филиалдарының қызметі көңіл қуантты. Мәселен, Арал ауданы 90, Қармақшы ауданы 116,  Қызылорда қаласы 46 отбасыға азық-түлік тауар­­ларын таратып, алғысқа бө­ленді. Бұған қоса, аймақтағы орта білім беру мекемелері баста­уыш кәсіподақ ұйымдарының ұсы­ныстарымен әр мектептің мұқтаж кіші қызметкерлерінің тізімі жасақ­талып, барлығы 106 отбасыға азық-түлік өнімдері жеткізілді. Осы орайда өз қызметкерлеріне мүм­кін­дігінше көмек көрсеткен облыс орталығындағы №264 Т.Есетов атындағы мектеп-лицейі, №15 мектеп-гимназиясы, №3 IT лицейі, №10 орта мектептері бастауыш кәсіподақ 

ұйымдарының қоғамдық белсенділігін атап өткен жөн. 

Өзге аудандардың филиалдары осы мақсаттағы нәтижелі жұмыстарын өңірдегі қатаң карантин режимі аяқ­талғаннан кейін жүзеге асыратын бо­лады. Бұл жұмыстар өз кезегінде ак­циямыздың екінші толқыны ретінде жалғаспақ.    

Бұдан бөлек, кәсіподақ ко­ми­теті тарапынан облыс аума­ғында 8 мыңнан астам медициналық мас­ка таратылды. Төтенше жағдай тұ­сында тұрғын үйі өртенген кәсіподақ мүшелерін де назардан тыс қалдырмай, 350 000 теңге көлеміндегі көмек көрсетілді. Бүгінгі күні төтенше жағдай кезінде кәсіподақ комитеті мүшелеріне көр­сетілген көмектің жалпы соммасы 11 317 000 теңгені құрап отыр. Бұл –  төтенше жағдай кезіндегі небәрі бір айда атқарылған істің ауқымы.

Кәсіподақ ұйымы міндеттерінің бірі – кәсіподақ мүшелерінің құқық­тары мен кәсіби мүдделерін қорғап, олардың мәртебесін көтеруге қызмет етіп, заңсыздықтарға жол бермеу. Қазіргі уақытта ұйымның білім беру саласындағы барлық мүшелерінің әлеуметтік картасын әзірлеу жұмыс­тары жоспарлануда. Бұл бастама өз кезегінде ұйым мүшелеріне жеке-дара мониторинг жасауға мүмкіндік береді. 

Әлеуметтік әріптестерімен бірі­гіп, еңбек заңнамасының, ұжымдық шарттардың сақталуына бақылау кү­шейтілді. Төтенше жағдай кезе­ңін­де кәсіподақ мүшелерінен жаз­ба­ша, электронды мекен-жай және әлеуметтік желілер арқылы 300-ге жуық өтініш келіп түсті. Көтерілген мәселелердің басым бөлігі бос тұрып қалу жағдайында жала­қының төленуі, ақылы еңбек дема­лысының берілу тәртібі мен дұрыс есептелуі, «Мұғалім мәр­те­бесі туралы» заңы аясында ма­гистрант­тарға қосымша ақы төлеу тұр­ғысында болып отыр. Кәсіподақ ұйымы кез келген өтінішті қараусыз қалдырмай, заң шеңберінде шешуге қызмет етеді. 

Жыл басынан мұғалімдердің жал­ақысы 25 процентке көтерілгені бар­шаңызға мәлім. Бірақ өсімнің тиісті деңгейде төленбеуі төңірегінде өті­ніш көптеп түседі. Мәселен, Қа­залы ауданында арнаулы орта білім беру ұйымдарының магис­т­рларына қо­сым­ша ақы төленбегені анықталып, зерделеу жұмыстарының нәтижесінде 39 магистрантқа қаң­тар, ақпан жә­не наурыз айларына берілуіне ық­пал жасалды. Бастапқы әс­кери да­йындық және технология пән­дері мұғалімдерінің лауазымдық жал­ақысын есептеу туралы өзекті мәселелер де өз шешімін тапты. Со­нымен қатар, Арал қаласын­дағы 3 балабақшада педагог-қыз­мет­кер­лерінің қаңтар айынан бастап көбейтілген 25% жалақының қосыл­мағаны анықталды. Кәсіподақ мүше­леріне тиесілі қаражат уақы­тылы төленбегені белгілі болып, нәти­жесінде 2 172 389 теңге қайта есептеліп берілді. 

Сындарлы кезеңде білімді ұрпақ тәрбиелеу ісін іркіліссіз ілгерілетуде тынымсыз еңбектерін жалғастырып келе жатқан талантты ұстаздардың талпынысы талапты шәкірттерінің ыстық ықыласымен өлшенетіні белгілі. Бүгінде барша жұрт бала оқыту ісінің қиындығын интернет ресурстар мен әлеуметтік желілер арқылы көріп, мойындап отыр. Осы орайда, дана халқымыздың «Білім басы – бейнет, соңы – зейнет» деген нақылын на­қыштаған ұстаздар қауымына алғы­сымды жеткізгім келеді. Біз сіздермен әрқашан да біргеміз!


Г.ЕСҚАЛИЕВА,

 білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы 

 облыстық комитетінің төрайымы.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 сәуір 2020 г. 751 0