Облыста «Тазалық апталығы» шарасы өтуде

2014 жылдың 22 тамызы мен 28 тамыз аралығында облыс көлемінде «Тазалық апталығы»  профилактикалық іс-шарсы өткізілуде, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Шараның мақсаты - Елбасының «мүлдем төзбеушілік» қағидатын негізге ала отырып, Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталықтарында және оларға қарасты барлық елді-мекендерде белгіленбеген орында сауда жасау және қалалар мен елді-мекендердің аумақтарын көріктендіру ережелерін бұзуға жол бермеу, түнгі тыныштықтың сақталуын қамтамасыз ету, ұсақ бұзақылықтардың, оның ішінде ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлерді ластаудың,  белгіленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды шығарудың алдын-алу. Сонымен қатар, шара кезінде қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде болуына, азаматтардың жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуіне жол бермеу, кәмелетке толмағандардың тұрғын үй-жайдан тыс жерде болуын анықтап, оларға құқықтық ықпал ету жайттары кеңінен жүзеге асырылады.
Іс-шараларға мемлекеттік органдармен үкіметтік емес ұйымдар, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тартылып, тұрғындарға тазалықты сақтау жөніндегі үгіт-насихат шаралары жүргізілуде. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 25 тамыз 2014 г. 1 011 0