« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
БЖЗҚ қазақстандықтардың жинақтары неге "азайды" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қордың хабарлауынша, соңғы күндері оларға - "Менің жинақтарымның сомасы неге азайып кетті?" - деген сауалдар көп қойылатын болыпты.
БЖЗҚ өкілдері зейнетақы жинақтары - жарналар мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомасы екенін, жарналар ешқашан азаймайтынын еске салды. Олардың сақталуына мемлекет кепілдік береді.
"Жарналардың 3 түрі бар:
- міндетті зейнетақы жарналары (табыстың 10 пайыз )
- міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (табыстың 5 пайыз, оны жұмыс беруші өз қаражаты есебінен еңбек жағдайлары зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына төлейді)
- ерікті зейнетақы жарналарын адам өз еркімен төлейді (ол кез келген сомада болады және төлеу кезеңділігін де өзі таңдайды)
Инвестициялық кіріс - зейнетақы жинақтары қаражатын инвестициялау нәтижесінде алынған табыс. Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық Банкі басқарады.
Зейнетақы жинақтары әртүрлі қаржы құралдарына (бағалы қағаздар, шетелдік валюталар және т.б.) инвестицияланады, олардың құны әлемдегі экономикалық жағдайға байланысты үнемі өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс ұлғайып, азаюы мүмкін", - делінген хабарламада.
Инвестициялық табыс күн сайын есептелетін болғандықтан, зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы да өзгеріп отырады. Сондықтан инвестициялық кіріс төмен болған кезде, зейнетақы жинақтарының сомасы азаяды, инвестициялық табыс жақсы болған кезде - зейнетақы жинағы да ұлғаяды.
Олардың айтуынша, инвестициялау табыстылығын бірнеше күн сияқты аз уақыт емес, бір жыл тәрізді ұзағырақ уақыт үшін қарау керек екенін түсіну маңызды.
"Жыл басынан бергі инвестициялық қызметтің нәтижелері оң үрдісті көрсетіп отыр - салымшылардың шоттарына 661,7 миллиард теңгеден астам инвестициялық табыс есептелген. Ал бұл жыл басындағы көрсеткіштен 6пайыз -ға және соңғы 12 айдағы табыстан 12 пайызға жуық мөлшерге артық.
Құрметті салымшылар! "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңына сай сіздердің жинақтарыңыз тек сіздердің меншіктеріңіз болып есептеледі!", - деді БЖЗҚ өкілдері.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |