Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айының өңірлер бойынша кестесін бекітті. Назарларыңызға Қызылорда қаласына арналған ораза кестесін ұсынамыз.
Биыл Ораза айы 24 сәуір, жұма күні басталады. Мамыр айының 19-ынан 20-сына қараған түні - қасиетті Қадір түні. Биыл пітір садақа жан басына 370 теңгеден белгіленді.
Елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты тарауық намазы мешіттерде оқылмайды. Оны отбасында орындауға болады.