Көлік басқарып келе жатқан Г. есімді азаматша жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, басты жолда келе жатқан жәбірленуші азаматша Б.-ның автокөлігіне жол бермей соқтығысады. Соның салдарынан жәбірленуші Б.-ның денсаулығына жеңіл зиян, ал автокөлікке 1 242 419 теңге көлемінде материалдық залал келген.
Құқық бұзушы Г. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 468-бабының 2-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жол полиция қызметкерлерімен оған қатысты әкімшілік құқық бұзу туралы хаттама толтырып, сотқа шешім қабылдау үшін жолдайды.
Сот қаулысымен құқық бұзушыға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 27780 теңге айыппұл салынып, 1 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі.