Төтенше жағдайға байланысты 1 сәуірден бастап облыс тұрғындарынан келіп түсетін қоңырауларға дер кезінде жауап беру мақсатында 400-100 call орталығы іске қосылды. Бүгінгі күнге дейін оған 10 мыңнан аса қоңырау түсіп, тұрғындарға төтенше жағдайға, коронавирусқа байланысты сұрақтар бойынша кеңестер берілді. Бұл туралы облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Нәби Дәужанов өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Құрамында денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала, ауыл шаруашылығы, автомобиль жолдары, ішкі саясат, полиция департаменті, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары бойынша мамандар қамтылған call орталығы тәулік бойы қызмет атқаруда.
- Тұрғындардың телефон көтермеуі бойынша шағымдарына қатысты 10 оператор үздіксіз тек қоңырауларға жауап берумен отыр, секундына 57 қоңырауға дейін түсуде, - деді басқарма басшысы.
Ал бүгін төтенше жағдай бойынша тұрғындарды толық және ресми ақпаратпен қамту мақсатында 400-100.kz сайты қосылды.
Сб-ақпарат