Коронавиурс: Қызылордада 400-100.kz сайты іске қосылды

Қызылорла облысының әкімдігі коронавируске қатысты жедел әрі нақты ақпарат тарату мақсатында 400-100.kz ресми сайтын іске қосты.
Онда облыс аумағындағы ауру жөніндегі күнделікті статистика, аудандар бөлінісіндегі деректер, брифингтер, нормативтік-құқықтық актілер, жедел желі телефондары, жаңалықтар қамтылған. Сонымен қатар, дерттің алдын алу, белгілері туралы мәлімет, инфографика, суреттер форматындағы тәртіп ережелері және басқа да пайдалы ақпарат жарияланады.
Блок-посттардан өтуге арналған өтінім үлгілерін осы жерден алуға болады. Осы ретте облыс әкімдігі тұрғындардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрайды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2020 г. 569 0