Қызылордада 366 медицина қызметкері үстемеақы алды

 Төтенше жағдай кезінде қауіпті індетпен күреске тартылған Қызылордадағы 366 медицина қызметкері қосымша ақы алды. Олардың есепшотына бюджеттен 54,3 миллион теңге аударылды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан. 
Мемлекет қолдауы қауіптілік санатына қарай үшке бөлінген. Олар:
І санат - қауіптілігі аса жоғары: еңбекақысына қоса 850 мың теңге; 
II санат - қауіптілігі жоғары: қосымша 425 мың теңге , 
III санат - қауіптілігі орташа жоғары: жалақымен бірге 212,5 мың теңге.
Дегенмен, бұл - бір айға есептелген қаржы көлемі. Үстемеақы әрбір маманға нақты жұмыс істеген уақытына сәйкес беріледі. Наурыз айы бойынша есептеу жүргізілді. Сәуір айында қаржы көлем бірнеше есе өседі. Өйткені ол кезде толық айға төленеді.

Сб-ақпарат
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2020 г. 333 0