Жемқорлықпен күрес агенттігі «Болашақты» тексермек

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері «Болашақ» бағдарламасы аясында білім алғандарды қаржыландыру мәселесіне қатысты тексеру жүргізеді, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 
Брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның өзінің бастамасы бойынша жүргізген Орталықтың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне өткізілген сыртқы талдау қорытындыларын жариялады. Агенттіктің Превенция департаменті ;емқорлық тәуекелдерін талдау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Айнагүл Карипованың сөзіне қарағанда, талдау кезінде тәуекелдерден бөлек, ереже бұзу жағдайы анықталды.
 Бұл ретте кемшіліктердің басым бөлігін Білім және ғылым министрлігінің, сондай-ақ Орталықтың өзінің аудиторлық тексерістерімен анықталды.
 «2016 жылдан бері орталықтың қаржылық есептілігі ескертумен бекітілген. Барлық сыртқы аудиттер мәліметтер шынайы әрі тиісті дәрежеде көрсетілгені туралы сенімдім дәлелдердің жоқтығын атап өткен. Бұған қаржыландырылған әрі оқып жүрген стипендиаттар саны туралы түрлі цирфлар дәлел бола алады. Мәліметтер екі дербес ақпараттық жүйелерде сақталған, яғни «1С-бухгалтерия» мен «е-Болашақта». Әр жылдары үйлеспейтін көрсеткіш 68-ден 214 адамға дейін жеткен. Бұл өз кезегінде оқуды төлеуге бөлініп, өзінің расталауын таппаған бюджет қаржысының 10 пайыздан астамы. Аталған фактілер бойынша агенттік тексеру жүргізеді», - Айнагүл Карипова.
Сонымен қатар ол былтыр аталған екі жүйенің интеграциясы қарастырылғанын, сатып алулар тура шарт бекітілгенін атап өтті.
«Бұл тұрғыда төлем 100 пайыз жасалғанымен, тиісті шаралар соңына дейін іс жүзінде орындалмаған. Интеграция стипендиаттарды есепке алуды ұйымдастыру туралы барлық мәселені шешуге мүмкіндік береді», - дерп атап өтті Агенттік өкілі.


Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zhemkorlykpen-kures-agenttigi-bolashakty-teksermek_a3639381

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2020 г. 395 0