Соңғы тіркелген 9 науқастың ең үлкені - 83 жаста

 Қызылорда облысында  инфекция жұқтырған соңғы 9 жағдайда да науқастар түгел Жаңақорған ауданында тұрады.
Ауру жұқтырғандардың үшеуі - 30-53 жас аралығындағы әйел адамдар. Алтауы -  ер адамдар, олардың арасында ең үлкені 83 жаста.
8 адам коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен байланыста болып жұқтырған. Ал 1 адамның індетті қалай жұқтырғандығы бойынша эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде.
Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр.

coronavirus2020.kz
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2020 г. 529 0