Қызылорда облысында төтенше жағдайға байланысты 14 сәуірден бастап барлық қоғамдық көліктер тоқтатылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн режимдегі брифингінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Дамир Төлеуов мәлімдеді.
«Қоғамдық көліктер мен аялдамаларға тұрақты түрде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «Қызылорда Тазалығы» ЖШС-нің арнайы дезинфекциялау бөлімшесі жұмылдырылды. Бұған қоса, көлік инфрақұрылымы нысандарының басшылықтарына тиісті қауіпсіздік және алдын алу шараларын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар беріліп, қатаң бақылауда»,- деді ол.
Өңірлік коммуникациялар орталығы.