Қызылорда облысында 13 өнеркәсіптік жоба іске асырылуда

Қызылорда облысында 13 өнеркәсіптік жоба іске асырылудаҚызылорда облысында биыл бірден 13 өнеркәсіптік жобасы іске асырылуда. Олар индустрияландыру картасына енбегенімен, аймақтың экономикалық және әлеуметтік ахуалын жақсартуда атқарар мәні зор, деп хабарлайды облыстық өнеркәсіп және туризм басқармасы. 
Жобалардың жалпы құны 3 млрд теңгеге жуық, бұл кәсіпорындардың барлығы іске қосылғаннан кейін бірнеше жүздеген жұмыс орны құрылады. Бүгінде құрылыс материалдары өндірісі мен қоршаған ортаны қорғау саласында жалпы тізімдегі 2 жоба жүзеге асырылды, 46 жұмыс орны құрылды. 
Айта кетсек, 2014 жылдың 6 айы ішінде аймақтық үйлестіру кеңесі мен металлургия, құрылыс, туризм, азық-түлік өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы саласында индустрияландыру картасына енгізу үшін жобаларды қарау бойынша сарапшылар комиссиясы 100,7 млрд теңгенің 31 жобасын мақұлдады. Мақұлданған тізімдегі төрт кәсіпорын тұрғызылып та жатыр. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 23 тамыз 2014 г. 711 0