Ұлттық банк 1 шілдеге дейін Алматыдан елордаға көшіріледі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Нұр-Сұлтанға көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы ҚазАқпарат zan.gov.kz сілтеме жасап. 
*** «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2- тармағының 1) тармақшасына және 21-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi: 1) 2020 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын Алматы қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді қамтамасыз етсін; 2) осы Жарлықтан туындайтын өзге шараларды қабылдасын. 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде: 9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «9. Қазақстан Ұлттық Банкі орталық аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05T8F6, Нұр-Сұлтан қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты.». 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін. 4. Осы Жарлықтың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 2- тармағын қоспағанда, осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті
 Қ. Тоқаев


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 сәуір 2020 г. 280 0