Қазалы ауданында пойыз жолсерігі қауіпті індет жұқтырды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдусаметов Қызылордада науқастар саны соңғы тәулікте 8 адаммен толығып, 132-ге жеткенін мәлімдеді.
Оның ішінде Қызылорда қаласында - 18, Жаңақорғанда - 20, Арал - 4, Сырдарияда - 25, Қармақшыда - 4, Шиелі - 59, Қазалыда - 2 дерек. Инфекция жұқтырғандардың арасында 13 медицина қызметкері бар.
- Жаңадан анықталған жағдайлар бойынша Қызылорда қаласында - 6, Қазалыда - 1, Жаңақорғанда - 1 жағдай. Жаңақорған және Қазалы ауданынан тіркелгендер карантинде болған. Ал Қызылорда қаласынан тіркелгендердің кімдермен қарым-қатынаста болғаны анықталып жатыр, - деді басқарма басшысы.
Науқастардың жағдайы бірқалыпты, хаттамаға сәйкес ем алуда.
Сб-ақпарат.