Мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

 Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. Құттықтау министрліктің ресми сайтында жарияланды.

«Сіздерді халықаралық мәдениет күнімен шын жүректен құттықтаймын! Мәдениет пен өнер қайраткерлері әрдайым мемлекеттің қолдауымен биік белестерді бағындырып, еліміздің атын алыс-жақын шет мемлекеттерде айшықтап келеді. Сондықтан да қоғамның шығармашылық адамдарына деген құрметі айрықша. Еліміздің рухани, мәдени өмірінде жаңа бетбұрыстар жасап, жарқын істердің ұйытқысы болып жүрген баршаңызға мерейлеріңіз үстем, дендеріңіз сау болып, шығармашылықта табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін! Ел руханияты мен мәдениетін көркейтуге қосқан үлестеріңіз қашанда халықтың көз алдында жүретін Сіздерге осынау ерен еңбектеріңіз үшін зор алғыс айтамын. Мәңгілік Ел мәдениетінің одан әрі дамуына, өнеріміздің биіктерден көріне беруіне қызмет етіп, халқымызды шығармашылық табыстарыңызбен қуанта беріңіздер!», - делінген Ақтоты Райымқұлованың құттықтауында.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 сәуір 2020 г. 501 0