Қызылорда: тосқауыл бекеттерінің жұмысына 350-ден астам адам жұмылдырылған

  Қызылорда облысының аумағында орналасқан 35 тосқауыл бекетінің жұмысына ішкі істер, медицина саласы мен әскери бөлімдерден 350-ден астам қызметкер жұмылдырылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Шамшидин Әмитов мәлімдеді.
- Өңірге кіру және шығу жолдарына 3 санитарлық бекет қойылды. Қызылорда қаласындағы халық пен көлік қозғалысы патрульдік полицияның 4 жердегі 11 бақылау бекетінің назарында. Мұндай жұмыс аудандарда да атқарылып жатыр, - деді ол.
Бақылау, тексеру шаралары төтенше жағдай режимі аяқталғанға дейін жалғасады.

Сб-ақпарат
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 сәуір 2020 г. 608 0