Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияның 2 жағдайы тіркелді
(14.04.2020 жылғы мәлімет бойынша)
Ауру жұқтырған адамдардың бірі 67 жастағы әйел адам, енді бірі 26 жастағы ер адам. Екеуі де Шиелі ауданының тұрғындары.
Олар коронавирустық инфекциямен ауырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған. Бекітілген алгоритмге сәйкес екінші мәрте алынған сынама коронавирустық инфекцияға оң нәтиже көрсетті.
Қазіргі таңда олар жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
14.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қызылорда облысында КВИ жұқтырудың 121 дерегі тіркелді, оның ішінде емделіп шыққандар саны-2, ем қабылдап жатқандар саны-119.
Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті