Күні бүгінге дейін 42 500 теңге жәрдемақы алу жөнінде 200 мыңнан астам қызылордалықтан өтініш түсті. Оның 97 мыңдайы деректің дұрыс толтырылмауына байланысты кері қайтарылды. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев мәлімдеді.
- Ал 99 мыңға жуық адам әлеуметтік көмекке қол жеткізді. Өңір үшін осы мақсатқа 4 млрд 185 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді, - деді ол.
Еске салайық, мемлекет қолдауы төтенше жағдай кезінде уақытша жұмыстан қысқарып, табысынан айырылғандарға арналған.
Сб-ақпарат.