
Осы күнге дейін өңірдегі адам көп жиналатын жалпы ауданы 4 млн 918 мың шаршы метр болатын аумақа (базар, вокзал, автовокзал және тағы басқа) дезинфекцияланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.
- Төтенше жағдай мерзімінің ұзартылуына байланысты карантин режимі күшейтілуде. Қиын кезеңнен кейінгі өмір сүру деңгейін қайта қалпына келтіру бағытындағы шаралар да қолға алынды, - деді ол.
Бірінші кезекте халықты күнделікті тұрмысқа қажет азық-түлік, дәрі-дәрмек және тағы басқа жарақтармен қамтамасыз ету міндеті тұр. Мұнай-кен, тұз өндіру, балық, мал және егін шаруашылығы саласындағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмысын тоқтатқан жоқ. Медицинаны құрал-жабдықпен қамтамасыз ету жолға қойылды. Оның ішінде диагнозды анықтау тесті жеткілікті және жасанды дем беру құрылғыларымен қамтамасыз етілген. Изоляция орындары толық дайын.
- Тәулік бойы жұмыс істейтін 40-01-00 нөмірлі сall орталығына күніне 500-ге жуық сұрақ түседі. Осы уақытқа дейін әлеуметтік сала, бақылау бекеттері мен кәсіпкерлік секторына қатысты 7 мыңға тарта сұраққа тұрғындар тиісті жауап алды, - деді С.Ахмет.
Сб-ақпарат.